27 қазанда облыстық көпбейінді балалар ауруханасында тік ішек ақауы бар жаңа туған нәрестеге күрделі, реконструктивті операция жасалды. Бұл ауру сирек кездеседі. Хирургиялық емдеуді хирургия бөлімшесінің меңгерушісі А.Х. Төлегеновтың басшылығымен хирургтар бригадасы орындады. Анестезиологиялық көмекті Б.Г. Ещанова жүзеге асырды. Бүгін жаңа туған нәресте өзін жақсы сезінеді және оны шығаруға дайындалуда. Болашақта баланы емхана жағдайында оңалту кезеңі күтеді.
