Ашу
Басты бет Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясаты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясаты

Бюджеттен бөлінетін қаражатты жариялау және бақылау, шағымдарды, пікірлерді жинау және ақпаратты талдауға арналған жалпыға қолжетімді сыртқы ресурстағы сервис. Бұл бюджет транспаренттілігінің және елдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірегей тәжірибесі.

Қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы:

https://publicbudget.kz

Сенім телефондары

Бөлімше Телефон нөмірі
Басқарма сенім телефоны 50-45-04
Батыс Қазақстан облысы әкіміні аппаратының сенім телефоны 50-93-37
БҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі сенім телефоны;
Кезекші бөлім (мекен жайы: Орал қ., Құрманғазы к., 89/1)
1424

98-47-20

Бейне галерея

Сыбайлас жемқорлық қақарсы комплаенс қызметі Көпбейінді облыстық балаларауруханасы

Комплаенс-қызмет (бұдан әрі-ЖҚҚ) КОБА-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі бақылау органы болып табылады. ЖҚҚ КОБА басшысының тікелей бақылауымен әрекет етеді және оған есеп береді. Қызмет өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және КОБА қызметін регламенттейтін басқа да ішкі құжаттарды басшылыққа алады.

Косплаенс қызметі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын,”Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік құжаттарын, “сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Қазақстан Республикасының Заңын және осы Ережені басшылыққа алады.

Негізгі мақсаттары мен міндеттері

ЖҚҚ негізгі мақсаты тиісті медициналық ұйымның және оның қызметкерлерінің ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, оның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің мінез-құлықтың жоғары стандарттарына бейілділігін қалыптастыру, ашық және адал іс жүргізу, облыс халқының беделін нығайту және сенімін арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.

ЖҚҚ міндеттеріне мыналар жатады:

– Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау және қайта бағалау,

-Комплаенс-тәуекелдерді, яғни ҚР заңнамасын сақтамау салдарынан сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің туындау тәуекелін басқару,

– КОБА және оның қызметкерлерінің қызметіндегі мүдделер түсініспеушілікті анықтау, оның ішінде мүдделер түсініспеушілігін барынша азайтуға бағытталған ішкі құжаттарды әзірлеуге қатысу арқылы.

– Шағымдар мен наразылықтардың динамикасын бақылау, қызметкерлер мен пациенттердің құқықтарының сақталуын талдау.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды іске асыруға, оның ішінде қызмет көрсетуге және (немесе) жұмыстарды орындауға заңды тұлғалармен және дара кәсіпкерлермен шарттар жасасудың орындылығын бағалауға бағытталған құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіру;

– сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін жоспарлау және осы жоспарларды тиімді іске асыру.

Негізгі принциптері

Кәсіпорын басшылығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс тиімділігіне мүдделілігі;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің міндеттерін орындау үшін қажетті өкілеттіктер мен ресурстардың жеткіліктілігі;

 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалаудың тұрақтылығы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет қызметінің ақпараттық ашықтығы;

КОБАбойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсы жүзеге асырудың үздіксіздігі;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жетілдіру.

Функциялары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен кәсіпорынның өзара іс-қимылын ұйымдастыру;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және парасаттылық қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларға ҚЫЗМЕТ мүшелері мен КОБА қызметкерлерінің қатысуын ұйымдастыру;

КОБА-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен парасаттылық қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған өзге де іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және онымен қызметкерлерді таныстыру;

Ұйымның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына сәйкес келмейтін қолданыстағы ішкі нормативтік актілерін өзгерту немесе олардың күшін жою туралы ұсыныстар енгізу;

КОБА-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингін және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу;

КОБА қызметкерлерінің этика және деонтология кодексін сақтауы бойынша жұмысты ұйымдастыру;

КОБА қызметкерлері мен пациенттердің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын бұзушылықтарын анықтау;

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша озық жұмыс тәжірибесін зерделеу, жинақтау және тарату, өз қызметінің стилін, нысанын және әдістерін жетілдіру;

Қаланың, облыстың, республиканың басқа да медициналық ұйымдарымен, жоғары тұрған органдармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және тәжірибе алмасу мәселелері бойынша байланысты жүзеге асыру.

Міндеттері

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің функцияларын жүзеге асыру кезеңінде белгілі болған кәсіпорынның барлық ақпаратының құпиялылығын сақтауға міндетті;

2) Сыбайлас жемқорлықтың, әдеп және деонтология Кодексін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мәселелері бойынша өзге де ішкі саясат пен рәсімдерді бұзудың болжамды немесе нақты фактілері бойынша комплаенс қызметіне жүгінген адамдардың құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті;

3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы бұзудың болуымен немесе ықтимал мүмкіндігімен байланысты кез келген жағдайлар туралы кәсіпорын басшысын уақтылы хабардар етуге міндетті;

4) жұмысқа қабылданған сәттен бастап, басқа лауазымға тағайындалған кезде, сондай-ақ біліктілігін арттырған кезде КОБА қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарына жүйелі оқытуды қамтамасыз етуге міндетті;

5)Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында КОБА қызметкерлерімен дөңгелек үстелдер мен семинар-сабақтар өткізу;

6) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы бейне-роликтерді көрсету;

7)Сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер (ақша алу немесе қорқытып алу) фактілеріне тап болған адамдар үшін сенім телефоны жұмыс істейді:8/711/224-08-89 (8.00-ден 17.00-ге дейін), сенбі, жексенбі-демалыс;

8) Директормен және директордың сапа жөніндегі орынбасарымен бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды қабылдау жүргізіледі;

9) Азаматтардың өтініштері сондай-ақ КОБА электронды поштасы арқылы қабылданады: odb1_zko@mail.ru.

Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер