Ашу
Басты бет Қызметкерлер Бадашев Бекет Утепович
Header
Бадашев Бекет Утепович
Мекеме Директоры

Бадашев Бекет Утепович

Мекеме Директоры

Мен, Бекет Өтепұлы Бадашев, медицина саласында ондаған жылдар бойы жұмыс істеп, жұқпалы аурулар ауруханасын ұзақ уақыт басқарып, әлемдегі түрлі індеттердің куәгері болдым. Тарихтан есімізде, вакцинацияның арқасында көптеген жұқпалы аурулар жеңілді (шешек, дифтерия, көкжөтел, полиомиелит және т.б.). 2019 жылы бүкіл әлемге Сovid короновирусы әсер етті, пандемия жарияланды, көптеген адамдар мен балалар өмірден кетті… Ғалымдар індеттен шығудың жолын тапты, еріктілер арасында вакцина зерттеліп, олардың ішінде дәрігерлер де болатын. 2021 жылы жаппай вакцинация: Спутник V ресей өндірісі сондай-ақ араб және қытай өндірісінің екпесі басталды. Мен алғашқылардың бірі болып әріптестеріме, туыстарыма, достарыма үлгі келтіре отырып, екі кезеңде V спутнигі вакцинасын алдым. Өкінішке орай, шілде айында ПТР тесті оң нәтиже берді. Бірақ ауру оңай, температурасыз, асқынусыз өтті және 14 күннен кейін мен жұмысқатолықтай кірісе алдым! Мен дер кезінде алған вакцинацияның арқасында аурудан қалпына келгеніме сенімдімін. Барлығын уақытында екпе алуға, өздеріңізді және жақындарыңызды қорғауға шақырамын!

Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер