Ашу
Басты бет Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ) МӘМС Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мерзімінің 2020 жылдың 1 қаңтарына шегерілуіне байланысты жарналар мен аударымдарды төлеу тәртібі өзгере ме?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мерзімінің 2020 жылдың 1 қаңтарына шегерілуіне байланысты жарналар мен аударымдарды төлеу тәртібі өзгере ме?

26.01.2021
10

Жұмыс берушілер – өзгеріссіз
Жұмыс берушілер үшін МСҚ-на аударатын аударымдар мөлшері өзгермейді: 2018-2019 жылдары 1,5%, 2020 жылдан бастап – 2%.
Қарамағында жалдамалы жұмыскерлері бар жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының иелері жарнаны осы тәртіп бойынша төлейді.

Жеке тұлғалар – жарна төлеуден 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін босатылады.

Азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде табыс табатын тұлғалар төлейтін жарна мөлшері төмендетілді. Олар 2020 жылдан бастап табыстың 1 пайызы, 2021 жылдан бастап 2 пайызы көлемінде жарна төлейді. 2018-2019 жылдары олардың табысынан жарна ұсталмайды.

Жеке кәсіпкерлер 2018-2019 жылдары ЖК ретінде өзі үшін жарна аудармайды. БІРАҚ қарамағындағы қызметкерлер үшін жұмыс беруші ретінде жарна аударуды тоқтатпайды (2018-2019 жылдары 1,5%, 2020 жылдан бастап – 2%).

Жұмыс берушілер жалдамалы жұмыскерлердің жалақысынан 2020 жылы 1%, 2021 жылдан бастап 2% ұстап, Қорға аударады.

Мемлекет жекелеген санаттағы азаматтар үшін жарнаны 2020 жылдан бастап аударады. Аударылатын жарна мөлшері оған дейінгі екі жылға бекітілген орташа айлық жалақының 4 пайызын құрамақ («Міндетті медициналық сақтандыру туралы» заңның 26 бабы 2,3 тармақтары).

Жоғарыда көрсетілген санаттарға жатпайтын тұлғалар бір ЕТЖ (ең төменгі жалақының) 5 пайызын төлеп, сақтандыру жүйесіне қосыла алады.

03.02.21

Обаға қарсы костюмді кию және шешу техникасы бойынша оқыту семинары өткізілді, сондай-ақ COVID-19 эпидемиологиялық жағдайы бойынша ақпарат берілді

17.04.20 ж. ШЖҚ “Облыстық көпбейінді балалар ауруханасы” МКК базасында “Орал обаға қарсы күрес станциясының дәрігері”А.В. Захаровпен обаға қарсы костюмді кию…
27.10.20

Тік ішектің ақауы бар жаңа туған нәрестеге күрделі, реконструктивті операция жасалды

27 қазанда облыстық көпбейінді балалар ауруханасында тік ішек ақауы бар жаңа туған нәрестеге күрделі, реконструктивті операция жасалды. Бұл ауру сирек…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер