Ашу
Басты бет Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ) МӘМС Қазақстанда медициналық сақтандыру жүйесін енгізу реформасының жүзеге асырылу мерзімі неге байланысты түзетілді?

Қазақстанда медициналық сақтандыру жүйесін енгізу реформасының жүзеге асырылу мерзімі неге байланысты түзетілді?

26.01.2021
8

Жауап: МӘМС-тің Қазақстандағы бюджеттік-сақтандыру үлгісі дегеніміз, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттің басым ролі арқылы халықтың барлық санатының, бизнестің, азаматтың өзінің сақтандыру жарналары мен аударымдарын төлеугеміндетті ынтымақты түрде қатысуы. Барлық сақтандырылған азаматтардың медициналық қызметтер көрсету пакетіне тең дәрежеде қолжетімділігі «әркімнен мүмкіндігіне қарай» және «әркімге қажетіне қарай» қағидаты бойынша жұмыс істейді.

Дегенмен, әлеуметтік сауалнамалар құрылымында жүргізілген сараптамалық бағалаулардың нәтижелері көрсеткендей, аталған реформаны жүзеге асыруда елеулі қауіптер баршылық – «өзін өзі қамтушылардың» сақтандыру жүйесінен тыс қалу қаупі жоғары. Белгілі бір ресми табыстары жоқ, салық пен әлеуметтік жарна төлемейтін адамдар тұрғындардың біршама бөлігін – 2,7-3(?) млн,құрайды, яғни олар формальды экономикадан тыс қалған.

ҚР Парламенті палаталарының 2017 жылғы 4 қыркүйектегі бірлескен отырысында Мемлекет басшысы еліміздің денсаулық сақтау саласын дамыту үшін медициналық сақтандыру жүйесінің прогрессивтілігін айта келе, ҚР Үкіметіне денсаулық сақтау саласын реформалау қадамдарын қайта қарап, сақтандыру медицинасына азаматтардың барлық санаттарының тең дәрежеде (әділетті) қатысуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен бірге, Үкімет алдына халықтың өзін-өзі өнімсіз қамтамасыз ететін тобын ел экономикасына тарту, бизнестің және мемлекеттің жүктемелерін азайту, Қордың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті резервтерді қалыптастыру бойынша мейлінше тиімді шараларды зерделеп, жасау міндетін қойды.

02.07.21

Дариға Назарбаева БҚО-дағы “Қамқорлық” балаларды оңалту орталығында болды

21 маусымда жұмыс сапарымен Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры Дариға Назарбаева БҚО-да және біздің Қамқорлық оңалту орталығында болды. Дариға Нұрсұлтанқызы орталықтың…
01.07.21

Нұр-Султан қаласындағы ҰҒМО орталығынан балалар кардиологтарының консультативті диагностикалық көмек беруі.

Нұр-Султан қаласындағы  ҰҒМО орталығынан балалар кардиохирургі Канжигалина Д.М. және интервенционды кардиолог Дощанова Р.О. консультативті-диагностикалық көмек беру мақсатында ШЖҚ “Облыстық  көпбейінді…
08.06.21

Мамандардың келуі

8 маусым 2021ж Көп бейінді облыстық балалар ауруханасында «UniversityMedicalCenter» КҚ мамандары қабылдау жүргізді. Елордалық емхана дәрігерлерінің келуіндегі басты мақсат –…
01.06.21

Халықаралық балаларды қорғау күні!

01.06.21 «Көп бейінді облыстық балалар ауруханасы» базасында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мереке өтті, іс-шараның басты демеушілері АО «Банк ЦентрКредит»,…
03.02.21

Обаға қарсы костюмді кию және шешу техникасы бойынша оқыту семинары өткізілді, сондай-ақ COVID-19 эпидемиологиялық жағдайы бойынша ақпарат берілді

17.04.20 ж. ШЖҚ “Облыстық көпбейінді балалар ауруханасы” МКК базасында “Орал обаға қарсы күрес станциясының дәрігері”А.В. Захаровпен обаға қарсы костюмді кию…
27.10.20

Тік ішектің ақауы бар жаңа туған нәрестеге күрделі, реконструктивті операция жасалды

27 қазанда облыстық көпбейінді балалар ауруханасында тік ішек ақауы бар жаңа туған нәрестеге күрделі, реконструктивті операция жасалды. Бұл ауру сирек…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер