Ашу
Басты бет Біз туралы

Біз туралы

ҚР Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ «Көп бейінді облыстық балалар ауруханасы» МКК (КОБА)

Аурухана 220 төсекті құрайды.

КОБА тәулік бойы облыс балаларына мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсетеді.

КОБА құрамына кіреді:

  • Қабылдау бөлімі, балалар травм. пункті;
  • Күндізгі стационарына 45 төсек: 15 төсек – хирургиялық, 20 төсек – соматикалық, 10 төсек – неврологиялық.
  • Консультативті-диагностикалық емхана – ауысымда 150 адам қабылдайтын (сурдологиялық орталық, амбулаториялық хирургия орталығы, көз жанарын қорғау кабинеті, катамнез кабинеті, функционалдық диагностика: ЭЭГ, ЭКГ);
  • Анестезиология бөлімшесі, реанимация және интенсивті терапия – 9 төсек;
  • Клиникалық-диагностикалық зертхана, толықтай автоматтандырылған, бұл қысқа мерзімде зерттеу нәтижелерін алуға мүмкіндік береді;
  • Сәулелі диагнотика бөлімшесі (УДЗ, КТ, рентген);
  • Физиотерапиялық бөлімше;

01.01.2018 ж. аурухананың кадрлық әлеуеті: іс жүзінде жұмыс істейтін дәрігерлер – 56, медициналық бикелер – 182.

Жинақталуы: дәрігерлер – 63%, ҚМЖ – 100%.

Медициналық жабдықпен жабдықтануы 86,21% құрайды.

КОБА-ның біліктілік санаттылығы 80% құрайды (оның ішінде дәрігерлер – 77%, ҚМЖ – 82%).

Консультативті-диагностикалық емхана (КДЕ) бір ауысымда 150 науқасты қабылдауға есептелінген.

Консультативті-диагностикалық көмек облыстың балалар қауымына оказывается 17 бейінді мамандармен көрсетіледі: педиатр, кардиолог-ревматолог, невропатолог, хирург, травматолог-ортопед, сурдолог-оториноларинголог, нефролог, эндокринолог, пульмонолог, уролог, гематолог-онколог, офтальмолог, гастроэнтеролог және 01.11.2017 ж. бастап – стоматолог. Сонымен қатар БҚО ДСБ-ның штаттан тыс балалар мамандарымен науқастарды КДЕ-да және қалалық емханаларда консультативті қабылдаулары жүзеге асырылады

Біздің мақсат кәсіби біліктілігі жоғары әрі шебер қызметкерлер және жоғары технологиялық жабдықтар көмегімен жоғары сапалы медициналық көмек көрсету арқылы балалардың денсаулығын жақсарту, науқастар үшін ыңғайлы жағдайларды қалыптастыру болып табылады.

Тәулік бойы қызмет көрсететін стационар құрылымы:

Бөлімшесі Төсек саны Төсек бейіні
Хирургия бөлімі (оталау блогы 5 операциялық залдары) 45 жалпы хирургия – 25 төсек,
урология – 15 төсек,
жаңа туған нәрестелер хирургиясы – 2 төсек,
онкология – 1 төсек,
нейрохирургия – 1 төсек,
паллиативті – 1 төсек.
Травматология бөлімі 25 травматология – 18 төсек,
медициналық реабилитация және қалпына келтіру емі: балаларға травматологиялық – 2 төсек, комбустиологиялық – 5 төсек.
Жалпы соматика бөлімі 40 кардиоревматологиялық – 10 төсек,
медициналық реабилитация және қалпына келтіру емі: балаларға кардиологиялық – 2 төсек,
гематологиялық – 8 төсек,
эндокринологиялық – 5 төсек,
нефрологиялық – 10 төсек,
гастроэнтерологиялы – 3 төсек,
паллиативті – 2 төсек.
Неврология бөлімі 30 ерте және ересек жастағы балаларға неврологиялық – 18 төсек,
медициналық реабилитация және қалпына келтіру емі: балаларға неврологиялық – 11 төсек,
паллиативті – 1 төсек.
Жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімі 25 Жаңа туған нәрестелер патологиясы және шала туылған балаларды күту.
Пульмонология бөлімі 50 пульмонологиялық – 12 төсек,
педиатриялық – 37 төсек,
паллиативті – 1 төсек.
Барлығы 220 төсек 20 бейінді
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер